«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлкі жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға Мемлекет басшысымен 2014 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енгізіледі.

Бірінші кезекте, мүлікті жария ету дегеніміз табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және /немесе/ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі екендігін атап өту қажет. Сонымен бірге, жария етілген капитал түрінде экономикаға қосымша қаражатты тарту оның басты мақсаты болып табылады. Науқан бар мүлікті жария етуге және заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді.

Осы науқанға қатысуға заңмен белгіленген тәртіппен мүлкін жария ететін Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандарының және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың құқығы бар.

Сондай-ақ, Жария ету туралы Заңмен жария етуге жататын мүлікпен қатар, жария етуге жатпайтын да мүліктің барынша толық түсінігі белгіленген.

Атап айтқанда, алдағы тұрған мүлікті жария ету науқаны Қазақсан Республикасы аумағынан тыс жердегі мүлікті жаия етуге мүмкіндік беретініне назар аудару қажет деп санаймыз.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік болып айқындалатын мүлікке ұқсас мүлік Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік болып танылатындығын атап өткен жөн.

Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйектен басталып, 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына ресімделмеген, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін құжаттарды бері мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2016 жылғы 30 қарашада аяқталатының хабарлаймыз.

Өзге де мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2014 жылғы 1қыркүйектен басталады және жария ету мерзімі өткенге дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталады.

Мүлiктi заңдастыру комиссиямен, 1 өтiнiш қарастырылуда. 130500 мың теңге соммасында 23 объектiлер заңдастырылды (шаруашылық құрылыс, қосымша құрылыс). 2014-2016 жыл аралығында аудан әкімдігі жанындағы комиссияға 32 азаматтың өтініші 175500 мың теңге көлемінде түсті. Ол өтініштің 8-і заңда көрсетілген негізбен кері азаматтарға қайтарылды. Жалпы құны қайтарылған құжаттардың 43000 мың теңге құрайды. БАҚ-қа аудандық «Шұғыла» газетіне 22 мақала жарияланды. Аудан әкімдігінің ресми сайтына 7 материал ілініп, аудан орталығындағы Казпочта ғимараты жанына 2 баннер орналастырылды. Қосымша тағы 1 баннер бөлуге қаражат бөлініп, қыркүйек айында баннер орналастырылады. Аудан әкімдігі жанындағы мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясының құрамымен 8 дөңгелек үстел ұйымдастырылып, тиісінше 8 хаттама тұрғызылып, тапсырмалар берілді.Сонымен қатар акцияны жандандыру мақсатында 4 рет ашық есік күндері жарияланып, азаматтарды толық ақпараттандыру мақсатында комиссия құрамы толық жұмырылды.

“Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы ”ҚазақстанРеспубликасының Заңын тұрғындарға ақпараттандыруды арттыру мақсатында әр апта сайын бейсенбі күні Жәнібек ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Мүлікті жария ету мәселеріне арналған «Ашық есік күні» акциясын жүргізеді. Мекен-жайымыз БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғұмар Қараш көшесі, 63 үй, телефон 21166

 

Біржан Қайырғалиұлы Қуаналиев        

 

аудан әкімінің орынбасары, комиссия     төрағасы;

Хаирлиев Жарқын Ғинатұлы

 

аудандық тұрғын үй, коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;

Түйебаев Арман Серікұлы

 

аудан әкімі аппаратының жетекші маман, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

Ринат Ақонғалиұлы Бахтияров     

 

Аудандық салық басқармасының басшысы (келісім бойынша);

Бауыржан Мәдиұлы Молдашев   

 

Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;

Искаков Арман Берікұлы    

 

Аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;

Нұрлыбек Ермекұлы Мұстаев

 

Аудандық тұтынушылар құқығын қорғау  басқармасының басшысы (келісім бойынша);

Арман Нұрланұлы Нұрымбаев    

 

Аудандық әділет басқармасының басшысы  (келісім бойынша);

Серік Қыдырашұлы Алтаев          

 

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы (келісім бойынша);

Айсұлу Мұратқызы Халелова      

 

«Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы Жәнібек филиалының» басшысы (келісім бойынша);

 

Орналасқан жері: Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш көшесі,61

Жәнібек ауданы әкімінің аппараты.

  

Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма күндері, сағ. 09.00-13.00, 14.30-18.30 дейін;

Мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы заңы бойынша кеңесті 1414 бірыңғай байланыс орталығында алуға болады.

Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтияры бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» заңы бойынша кеңесті енді 1414 Мемлекеттік қызметтер бойынша бірыңғай байланыс орталығында алуға болады.

Естеріңізге сала кетсек, Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталып, 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Құқықтар Қазақстан Республикасының заңнамасында рәсімделмеген, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталды және 2016 жылы 30 қарашада аяқталатының хабарлаймыз.

Кеңес алу үшін 1414 немесе 8800-080-77-77 нөмірлері бойынша хабарласу қажет. Қоңырау барлық Қазақстан бойынша кез келген оператордан кейін.

Сонымен қатар, Қазақстанның egov.kz электрондық үкімет порталында мүлікті заңдастыру, өткен жылдардағы заңдастыру қорытындылары, әлемдік тәжірибе мен заңдастырудың өзгешеліктері туралы қосымша ақпаратты алуға болады. Көмекші ақпарат «Салық және қаржы» бөліміндегі «Мүлікті заңдастыру» тарауында қолжетімді.

Аудан әкімі жанындағы комиссия жұмыстары туралы

Аудан әкімі жанындағы комиссия ҚР 2014 жылғы 30 маусымдағы №213-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтияры бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс жасап келеді. Ауданда мүлікті жария ету шарттары жайында  тұрғындарды ақпараттандыру жөнінде кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, Аудандық « Шұғыла»газетінің 2015 жылы 6 ақпанындағы №6 санында «Ең маңызды шара», №10 санында « Мүлікті жария ету жайы қалай?» және т.б мақалалар жарияланған.

Сонымен қатар, тұрғындарға кеңінен мүлікті жария ету туралы ақпаратты тарату мақсатында аудандық АО «Казпочта» ғимарат қабырғаларында « Мүлікті жария ету акциясы» тақырыбында хабарландыру ілінді. Аудан әкімі аппаратында мүлікті жария ету жөніндегі ақпараттық тақтасы орналастырылды.

Комиссия 1 қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін, яғни 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Жәнібек ауданы әкімдігінің көрсеткіші бойынша жария ету жалпы сомасы 204 500 мың теңгенің 21 өтініші түсті. Соның ішінде жария етілген нысандар саны 16, сомасы 159 500 мың теңгені құрайды. Оның ішінде тұрғын үй-жайлар-2, сомасы- 6 000 мың теңгені, тұрғын емес үй жайлар- 14, сомасы- 94 500 мың теңге, коммерциялық обьектілер- 9, сомасы- 59000 мың теңгені құрады. Қайтарылған өтініштер саны-5, сомасы 45 000 мың теңгені құрады.