«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы ақпарат

Жер реформасы бойынша Комиссияның жер заңнамасын жетілдіру жөніндегі дайындалған ұсыныстарын заңнамалық реттеу мақсатында, Жер кодексіне келесі нормалар қарастырылған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылады:

1. Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтау және жетілдіру;

2.  Қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің шектеу (ең жоғары) мөлшерін белгілеу;

3. Шекара маңындағы аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін берудің талаптарын қатаңдату;

4. Халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, елді мекендер маңындағы жайылымдардың алаңдарын анықтау.

Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтай отырып, заң жобасымен ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстық негізде берудің бөлек тәртібін белгілеу қарастырылады.

Конкурсқа жариялылықты және барлық потенциалды қатысушыларға бірдей қатысуды қамтамасыз ету мақсатында жаңа тәртіп конкурсты өткізу туралы хабарламаны БАҚ, әкімдіктердің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурстерінде жариялау қарастырылады.

Конкурстың жеңімпазын анықтайтын конкурстық комиссияның құрамына қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың өкілдері қатысады, олар комиссия мүшелерінің жалпы санының  50 % астамын құрайды.

Берілетін жерлердің ұтымды пайдаланылуын тексеру мақсатында, заң жобасымен тұрақты мониторинг жүргізу қарастырылды: жалға алудың алғашқы 5 жылында - жыл сайын,келесі кезеңдерде суармалы егістікте әрбір 3 жылда, тәлімді жерде - әр 5 жылда.

Ауыл шаруашылығы жерлерінің үлкен мөлшерін  «бір қолға» беруге жол бермеу мақсатында, заң жобасымен қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің ең жоғары мөлшерін алқаптар бойынша республика, облыс және  әкімшілік аудандар (қалалар) шегінде белгілеу қарастырылады.

Бұдан басқа, Заң жобасымен Мемлекеттік шекараның  шекара белдеуінде және аймағында ауыл шаруашылығы жерлерін беру талаптарын күшейту қарастырылған, онда шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдіктердің қатысуы бар заңды тұлғаларға жерді иеленуге шектеу қойылады.

Ауыл тұрғындарының мал жаюы үшін жайылымдық алқаптардың жетіспеу проблемасын шешу үшін заң жобасымен елді мекендер маңында тұрғындардың жеке малдарын ұстау бойынша мұқтаждарын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың көлемдері анықталатын болады.

Бұдан басқа, заң жобасымен жер комиссисының статусын анықтау, жер учаскесінің бөлінуі, елді мекен жерлеріндегі жер учаскелерінің нысаналы мақсатын ауыстыру және т.б. мәселелерді қамтитын Жер кодексінің нормаларын жетілдіру қарастырылады.

 Жоғарыда аталған нормаларды қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды және ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға жол ашатын болады.

 

Проект Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам регулирования земельных отношений» (ppt, 505 Kb)


Жәнібек ауданы бойынша жер реформасына қатысты қоғамдық қабылдау кестесі 

Өтетін орны: «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимараты

Өткізілу уақыты: апта сайын, жұма, сағ.10.00-13.00

ТАӘ

Лауазымы

1.    

Қарағойшин Науырызбай Қадырбайұлы

Аудан әкімі

2.    

Әліпқалиев Бекет Әліпқалиұлы

Аудандық  Қоғамдық кеңестің төрағасы

3.    

Кадимов Тахир Зинурұлы

Аудандық  мәслихаттың хатшысы

4.    

Искаков Арман Берікұлы

Аудандық  жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы

5.    

Мулдагалиев Асхат Хамитұлы

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрғасының бірінші орынбасары

 

Жәнібек ауданының ауылдық округтері бойынша жер реформасына қатысты қоғамдық қабылдау кестесі

Өтетін орны: ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты

Өткізілу уақыты: апта сайын, жұма, сағ.10.00-13.00 

ТАӘ

Лауазымы

Ақоба ауылдық округі

1.    

Рахметуллин Рауан Бисенғалиұлы

Ауылдық округ әкімі

2.    

Бисенғалиев Мұхтар Қайырғалиұлы

Аудандық  Қоғамдық кеңестің мүшесі

3.    

Молдағалиев Асхат Хамитұлы

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты (айына 1 рет, жұма күні, сағ. 10.00-13.00)

Борсы ауылдық округі

4.    

Бекқалиева Айгүл Қайырлықызы

Ауылдық округ әкімі

5.    

Үмітаев Бисенғали Төлешұлы

Аудандық  Қоғамдық кеңестің мүшесі

6.    

Молдағалиев Асхат Хамитұлы

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты (айына 1 рет, жұма күні, сағ. 10.00-13.00)

Жақсыбай ауылдық округі

7.    

Қаратаев Алмат Бақытұлы

Ауылдық округ әкімі

8.    

Нұрымов Орынтай Ишанұлы

Аудандық  Қоғамдық кеңестің мүшесі

9.    

Хаби Мейіржан Халиханұлы

Аудандық электрторабының бастығы, аудандық мәслихат депутаты (айына 1 рет, жұма күні, сағ. 10.00-13.00)

Қамысты ауылдық округі

10.        

Неғметов Бекжан Байжанұлы

Ауылдық округ әкімінің м.а

11.        

Ғұмаров Жанболат Тайланұлы

Аудандық мәслихат депутаты

12.        

Кенжалиева Салтанат Мұхтарқызы

Аудандық  Қоғамдық кеңестің мүшесі

Жәнібек ауылдық округі

13.        

Кабдисалиев Мұстахим Кенжебайұлы

Ауылдық округінің әкімі

14.        

Кадимов Тахир Зинұрұлы

Аудандық мәслихат хатшысы (айына 1 рет, жұма күні, сағ. 10.00-13.00)

15.        

Нұрғалиева Гүлмира Миронқызы

«Алтын ұя» бөбекжайының директоры, аудандық мәслихат депутаты (айына 1 рет, жұма күні, сағ. 10.00

16.        

Әліп Ғилым Сәлімұлы

Жеке кәсіпкер, аудандық мәслихат депутаты (айына 1 рет, жұма күні, сағ. 10.00

17.        

Қайдаров Мереке Жұмабайұлы

Аудандық мұражай меңгерушісі, аудандық мәслихат депутаты (айына 1 рет, жұма күні, сағ. 10.00

18.        

Стамов Сағынбек Дөсетұлы

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы, аудандық мәслихат депутаты (айына 1 рет, жұма күні, сағ. 10.00

19.        

Басиров Жасұлан Меңдіханұлы

Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры, аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі

20.        

Дуюнова Нина Сергеевна

Жеке кәсіпкер, аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі

21.        

Кувашев Ерсайын Пазылұлы

Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі

 

Күйгенкөл ауылдық округі

22.        

Оспанова Әлия Болатқызы

Ауылдық округ әкімі

23.        

Исентаева Гүлбарам Ысқаққызы

Аудандық мәслихат депутаты

24.        

Хамзина Жұпар Қарақызы

Аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі

Талов ауылдық округі

25.        

Мұхамбетжанов Марат Насиболлаұлы

Ауылдық округ әкімі

26.        

Гоман Светлана Владимировна

Аудандық мәслихат депутаты

27.        

Мұқатаева Маруаш Қуанышқалиқызы

Аудандық  Қоғамдық кеңестің мүшесі

Тау ауылдық округі

28.        

Еркегулов Кенжебек Чапайұлы

Ауылдық округ әкімі

29.        

Сариев Танат Темірғалиұлы

Аудандық мәслихат депутаты

30.        

Азбергенов Төлепқали

Аудандық  Қоғамдық кеңестің мүшесі

Ұзынкөл ауылдық округі

31.        

Бақтығалиев Алтай Бақтығалиұлы

Ауылдық округ әкімі

32.        

Кәрімғалиев Нұрлан Рахманұлы

Аудандық  Қоғамдық кеңестің мүшесі

33.        

Илемесов Есқайыр Қафарұлы

«Символ» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты (айына 1 рет, жұма күні, сағ. 10.00-13.00)